22.01.2020, 12:27
Оқылды: 81

Бір жұмыс орнына он жеті үміткер бар

Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев ауданның оңтүстігіндегі Саралжын ауылдық округінде болып, өткен 2019 жылы ауданда атқарылған жұмыстар турасында ауыл тұрғындары алдында есеп берді.

qaratobe (2)

 Жиында аудан әкімі өткен жыл ішінде атқарылған ауқымды жұмыстар мен тұрғындар тарапынан түскен өтініш-тілектердің орындалуы туралы баяндады.

Аудан әкімі Еріктілер жылында аудан жастарын еріктілер қатарында белсене жұмыс жүргізуге шақырды.

qaratobe (1)

Мұхит елінде өткен есепті жиында ауылдың 11 тұрғыны өтініш -тілектерін айтты. Олардың дені жұмыс сұрады.

Ауыл әкімі Жасұлан Ермеғали мектепте босағалы тұрған аспазшы қызметіне тұруға ауылдың 17 адамы үмітті екенін айтады.

Жиында Саралжын ауылдық округінен сайланған аудандық мәслихаттың депутаты Бекжан Қойшекенов ауданда атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталды.

Округтегі газ саласының маманы Жаңабай Меңдіғалиев салаға қатысты көгілдір отынға төлем төлеу, қауіпсіздіктің алдын алу туралы айтып берді.

Ерболат Райсов

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале