24.01.2020, 20:53
Оқылды: 39

Оралда 25 мыңнан астам оқушы жергілікті бюджет есебінен тамақпен қамтылған

Бұл жайлы бүгін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков 2019 жылдың қорытындысы бойынша қоғамдық кеңес алдында берген есебінде айтты.  

Орал қаласында 54 761 оқушы 51 мемлекеттік орта мектепте білім алуда. Соңғы бір жылда оқушылар саны 5 пайызға өскен.

Соңғы 5 жылда қалада 5 білім ордасы салынды. Сонда да үш ауысымды оқитын 5 мектеп қалып отыр. №31 және №33 орта мектептер апатты жағдайда. Қазір №33 мектеп сүрілуде.

bilim ashanaҚала мектептеріндегі 25 мыңнан астам оқушы жергілікті бюджет есебінен тегін тамақпен қамтылып отыр. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап қаланың 10 мектебінде тамақтануда қолма-қол ақшасыз есептесудің автоматтандырылған жүйесі қолданысқа енгізілді.

-Оралда 50 мемлекеттік балабақша, мемлекеттік тапсырыс арқылы ашылған 55 жеке балабақша, 30 шағын орталық жұмыс істеуде. Соңғы 2 жылда жылдары қалада 15 жаңа жеке балабақша ашылды. Соның ішінде жақында ашылған 250 орындық «Сәби» жеке балабақшасын атап кетуге болады. Бүгінгі күні мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен 15 154 бала, соның ішінде жеке балабақшаларда 3780 бала тәрбиеленуде,- деді қала әкімі.

Нұрлыбек Рахманов,

«Жайық Пресс» ақпарат агенттігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале