27.01.2020, 18:21
Оқылды: 81

Сырым ауданында тай жарысының маусымы ашылды

Сырым ауданының Жымпиты ауылында аудандық тай жарысының 2020 жылғы маусымы ашылды.

syrym tai (3)

Алғашқы жарысқа 7 тай қатысты. Әр қайсысы жарты шақырымды құрайтын 4 айналымдық бәйгеде Нұрсұлтан Өтешов мінген Бақторы бірінші келді. Екінші орынды Кенжебай Әлидің Құндызы, үшінші орынды Хайыр Досымның Айқасқасы иеленді. Боранқұлов Рамазанның тайына «Жеңіске деген жігері үшін» марапаты берілді.

syrym tai (4)

Шабандоздарды «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев марапаттады.

syrym tai (2)

Бұдан былай, тай бәйгесі «Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен Жымпитыда әр сенбі сайын өтіп тұрады. Жарыстарға партияның аудандық филиалы демеушілік жасамақ.

syrym tai (2)

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале