27.01.2020, 19:02
Оқылды: 53

Салық саласындағы соңғы өзгерістер айтылды

Жәнібек ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық кірістер басқармасы семинар-кеңес өткізді.

janibek

 Жиынға аудан кәсіпкерлері, бөлімдердің есепшілері қатысты. Басқосуда Жәнібек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Таумұрат Ғұсманов Салық кодексіне 2020 жылы енгізілген маңызды өзгерістер хақында баяндады.

Ал салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы Балкенже Джамиева әкімшілік-құқықтық кодекске енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы айтты. Өз кезегінде кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Жасұлан Басиров та алдағы уақытта кәсіпкерлік салаға енгізілетін өзгерістер жайлы әңгімеледі. Жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар да қойылды. Мәселен, Қамысты ауылының тұрғыны Бұрқан Өтеғалиев заңсыз жүрген такси жүргізушілер мен той-думан басқаратын асабалар неліктен салық төлемейтінін, 84 жастағы Самиға Қайырова сияқты  жасы үлкен кәсіпкерлерге неге жеңілдіктер қарастырылмайтынын тілге тиек етті.

 

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале