30.01.2020, 17:22
Оқылды: 28

Бөрліде асық атудан ашық турнир өтті

Бөрліде жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ұлттық асық ату ойынынан аудандық турнир өтті.

borli (2)

 Нақтырақ айтсақ, Кеңтүбек ауылында өткен аталмыш турнирге Ақжайық ауданынан, Ақсай қаласындағы және аудандағы ауыл мектептерінен барлығы 8 команда қатысты.

Жалпы, асық ату спорты соңғы кездері ауданда қарқынды дамып келеді. Бүгінгі додада да ер балалар жағы асық атудан мергендіктерін танытса, қыздар жағы бес асық түрінен шапшаңдықтарын көрсетті. Жалпы бұл ұлттық ойын ақыл-ой зеректігіне, ептілікке, ұқыптылыққа үйретеді.

         Сонымен асығы алшысынан түсіп, мергендік танытқандар үздік атанды. Яғни, жалпы командалық есепте бірінші орынға Қарағанды ауылдық округ командасы шықса, екінші орынды Кеңтүбек ауылдық округі командасы иеленді. Үшінші орын Ақжайық ауданы командасының еншісіне тиді. Ал бес асық ойынынан қыздар арасында Гүлдерайым Молдашева, Альбина Хасанова және Гүлшат Есенжановалар үздік деп танылды.

Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале