Былтыр Теректі ауданында ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері А.Бақтыгерееваның 75 жас мерейтойы, ҚР-ның еңбегі сіңірген қайраткері, композитор Қырымгерей Қажимовтың шығармашылығының 50 жылдығы, Шағатай ауылының 90 жылдық мерейтойын аталып өтілді.
- «Қоянды шалмай алар құмай тазы» тазылар жарысы, Юбилейный ауылында «Қымызмұрындық - 2019» тойы, «Дала қызықтары» және тағы басқа мәдени, спорттық және өзге де бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Күні кеше Сары Өмір ауылындағы Шалқар көлінің жағасында «Жайық қыраны - 2020» республикалық бүркітшілер сайысы өтті.
Мәдениет саласында бүгінгі таңда шешімін таппай отырған өзекті мәселенің бірі – әлеуеті жоғары Жаңа өмір ауылында не мәдениет үйінің, не дене шынықтыру кешенінің жоқтығы. Бұл ауылда біз көпбейінді мәдениет үйі мен спорттық кешеннің біріккен, өзгеше үлгісін салғымыз келеді. Қазір жобалық-сметалық құжаты әзірленуде.
Облыс әкімдігінің қолдауымен КПО б.в. компаниясының әлеуметтік-инвестициялық жобалары аясында Подстепное ауылында 160 адамдық дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланды. Құрылысын жүргізу үшін мердігерді анықтауға конкурс жарияланды, - деді аудан әкімі Ә.Жоламанов.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер