3.02.2020, 17:29
Оқылды: 57

Ақсуат мектебі күрделі жөндеуден өтеді

Бұл туралы Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов тұрғындар алдындағы есебінде айтты.

 terekti esep (8)

Теректі ауданында 38 мектеп, 11 мемлекеттік және 4 жекеменшік балабақша, 25 шағын орталық бар.

Аудан мектептерінде барлығы 6 182 оқушы білім алуда. Өткен жылға қарағанда оқушы саны артқан. Оқушы санының көбеюіне байланысты мектептің санын арттыру қажеттілігі бар. Әсіресе, Подстепное мен Пойма ауылында. Биыл Пойма ауылында 108 орындық мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаты жасалуда. Қаражат бөлу үшін сұраныс жіберілген.

-Былтыр Донецк бастауыш мектебінің ғимаратына 14 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізіліп, ауданда тұңғыш рет туристік база ашылды.

Өткен жылы алғаш рет Аңқаты, Покатиловка және Шаған мектептерінде заманауи спорт алаңы салынып, пайдалануға берілді. Бұл жұмыс биыл да жалғасады. Ақжайық, Ақсоғым, Ұзынкөл, Долин және Шағатай мектептерінде жалпы 50,0 млн. теңгеге спорт алаңдарының құрылысын бастаймыз.

terekti esep (11)

«М.Сұлтанов» жеке кәсіпкерлігі Жаңа Өмір ауылында 80 миллион теңгеге 100 орындық жеке балабақша ғимаратының құрылысын бастап, биыл аяқтауды жоспарлап отыр.

Биыл Ақсуат мектебін күрделі жөндеуден өткізіп, пайдалануға береміз, - деді Теректі ауданының әкімі Ә.Жоламанов.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале