3.02.2020, 17:55
Оқылды: 20

Теректі ауданында ауыл шаруашылығына салынған инвестиция 26 пайызға артқан

Бұл жайлы аталған ауданның әкімі Әділ Жоламанов халық алдындағы есептік кездесуінде айтты. Жиынға облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысуда.

terekti esep (9)

Қазір Теректі ауданында 335 шаруа қожалығы және 31 мемлекеттік емес заңды тұлға тіркелген.

Әкімнің айтуынша, былтыр барлық шаруашылық 30 мың тонна сүт, 6 мың тоннадан астам ет өндірген.

-Өсімдік шаруашылығында да көрсеткіштеріміз жылдан жылға өсуде. Астық өнімдері 2018 жылмен салыстырғанда былтыр 138 пайызға артық. Ал майлы дақылдар 2 есе көп.  Сонымен қатар 5514 тонна картоп, 6567 тонна көкөніс және 1957 тонна бақша дақылы жиналды.

terekti esep (23)

Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімінің көлемі 16 млрд 380,5 млн. теңге. Бұл 2018 жылдың деңгейінен 7,6%-ға жоғары. Ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі 1,3 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 26%-ға артық,- деді аудан әкімі Әділ Жоламанов.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале