Былтыр Шыңғырлау ауданында жаңадан 20-дан астам шаруа қожалық ашылып, оларға 30 мың гектар жер, осыған дейін шаруасын дөңгелетіп отырған шаруа қожалықтарға 16 мың гектар жер телімі берілген.
-Ауданға инвестор тарту мақсатында үш инвестициялық жобаны іске асыру үшін жер телімдері белгіленді. Ащысай ауылдық округінде «АВN технологиясы» ЖШС егін егу жоспарлауда, Алмаз және Ақбұлақ ауылдық округінде мал бордақылау алаңын салып, ірі қара мал басын көбейту жоспарда бар.
Ауыл шаруашылық дақылдарын егуге көлемін ұлғайту үшін инвестор табылып, келіссөз жүргізілді. Инвестициялық жобаны іске асыру бағытында жер телімін рәсімдеу үшін қаңтар айында конкурс жарияланды. Инвестор озық агротехнологияларды қолдана отырып, егін екпек.
Ауданда мал басын асылдандыру шаралары да біркелкі жүргізіліп келеді. 2019 жылдың өзінде асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын шаруашылықтар саны 9-ға жетті.
Мемлекет тарапынан ауданның 100 шаруа құрылымына 206 млн. теңге субсидия төленді. Ауыл шаруашылық құрылымдары өткен жылы 55 техника мен құрал сатып алды. Жайылымдарды суландыру бағдарламасы аясында 4 құдық қазылып, 7 күн панелі орнатылды, - дейді Шыңғырлау ауданының әкімі Ержан Тұрмағамбетов.
су
суретке түсірген Рафхат Халелов
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер