6.02.2020, 18:32
Оқылды: 24

Ақсайда жолаушылар тасымалдайтын жаңа мердігер компания анықталды

Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов аудан халқы алдында есеп берді. Есеп беру кездесуіне облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев қатысты.

aksai (1)

- Аудан бойынша, соның ішінде Ақсай қаласындағы жолаушылар тасымалының жағдайы мәз емес. Қалаішілік маршрут бойынша 6 бағытта 27 қоғамдық көлік жолаушы тасымалдайды. Көліктердің интервал сақтамауы, өздерінің белгіленген маршруты бойынша жүрмеуі қала тұрғындарына көп қиыншылық туындатады. Бұл мәселені шешу үшін биыл жаңа конкурс жариялап, әлеуметтік маңызы бар маршруттарды субсидиялауға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 67 млн. теңге қарастырдық. Жаңа конкурста жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын компанияға бірқатар маңызды талап қойылды. Бірінші кезекте автобустар арасындағы интервалды сақтау, көліктердің маршрутқа сай қозғалысы және барлық автобусқа GPS трекер орнатуды талап еттік, - дейді аудан әкімі.

aksai (16)

Өткен аптада өткізілген конкурстың нәтижесінде, жолаушылар тасымалымен айналысатын жаңа мердігер компания анықталған. Бұл - «Болашақ Бизнес Ақсай» компаниясы. Қала ішілік маршруттардың жүру кестесі жасалып, жүру маршруты нақтылануда.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале