12.02.2020, 17:24
Оқылды: 21

Ақсайда үй өртеніп, үш адам қаза тапты

Бөрлі ауданының орталығы Ақсайда 11 ақпан күні бес қабатты үйдің бесінші қабатындағы бір пәтерден өрт шығып, 3 адам қаза тапты.

ort

Өрт сөндіру қызметі дабыл түсісімен сағат 03.39-да келіп, қызыл жалынды сөндіруге кіріскен. Жалын жеті шаршы метрді алып, үй ішіндегі заттар мен жиһаз жанған. Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің күшімен өрт ауыздықталып, үйдегі 25 адам көшірілген.

Өрт сөндірілгенімен пәтерден 43 және 30 жастағы екі ер адам және 24 жастағы әйел адамның денесі табылды.

Қазір өрттің себебі анықталуда. Аталған дерек бойынша Бөрлі аудандық полиция бөлімі сот-медициналық сараптамасын тағайындады.

 

Айым Нұрғалиева

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале