- Қала аумағында 615 шақырым автомобиль жолы болса, соның 435 шақырым қатты жабынды төсенішпен қамтамасыз етілген. Әсіресе, жаңадан ашылған шағын аудандармен қатар, қаланың ескі орталық аумағындағы қосымша жолдардың жағдайы сын көтермейді. Биыл қала көшелерін күрделі жөндеу мен қайта жаңғырту жұмыстарына 3,3 млрд. теңге қаралып, былтыр басталған Елизаров, Жамбыл, Жүнісов, Аманжолов, 8 март, Самара, Светлая, Молдағұлова сияқты 8 көшенің, Зачаган кентіндегі Сарытау, Балауса шағын аудандарындағы 13 көшенің құрылысын аяқтау жоспарланды. Зачаган кентіндегі Көшім көшесінің жол құрылысы басталып, жаңадан салынып жатқан мектепке апаратын Ә.Бөкейханов және ескі әуежайдағы №37 мектепке апаратын Малина көшелері жөндеуден өткізілмек.
Қазіргі таңда қала көшелеріндегі жолдардың құрылысы мен жөндеуге арналған 33 жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Міне, осыларды алдағы үш жылда кезең-кезеңімен жүзеге асыруымыз керек. Қаладағы ең үлкен әлеуметтік маңызы бар жобалардың бірі – мұнай базасы ауданындағы жол өткелі құрылысын биыл аяқтаймыз. Осы саладағы өзекті мәселелердің бірі – Деркөл кентінің «Сарыарқа» шағын ауданына жол құрылысын бастау басты назарда ұсталады, - деді қала әкімі.
Гүлбаршын Әжігереева
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер