Шаһар басшысы Абат Шыныбеков қала тазалығын сақтау мәселесіне екпін түсіре келе, облыс әкімінің тапсырмасына орай өткен жылдан бері қала аумағындағы абаттандыру, көгалдандыру, сыртқы жарықтандыру, көше жолдарының жай-күйін зерделеп, бақылайтын мобильді мониторинг топтардың жұмыс жасайтынын айтты.
Биыл қала аумағының өсуіне байланысты тағы 20 қоқыс алаңы жасақталып, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарушы компаниясымен қосымша 5 арнайы техника сатып алынбақ.
Күн сайын полигонға 200 тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық шығарылады. Өткен жылы инвесторлар тарапынан іске қосылған «ICM RECYCLING» компаниясы күніне 70-80 тонна қалдықты сұрыптаудан өткізеді. Қазіргі уақытта жұмыс жасайтын "Қатты тұрмыстық қалдықтарды арналған полигонды рекультивациялау" нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Қалада жаңа ҚТҚ полигонын салуға ЖСҚ әзірлеу үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді. Ақылды қала тұжырымдасы аясында «Жайық таза қала» коммуналды мекемесі цифрлық жүйеге көшіп, атқарылған жұмыстарды диспетчерлік пункт арқылы басқару, есепке алу және мониторингілеу мүмкін болды, - деді қала әкімі.
Есептік кездесуге қатысушылар қала басшысына өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, қаланы көркейту, дамыту және шаруашылығын жақсарту бағытындағы ой-пікірлерімен бөлісті, ұсыныстарын, талап-тілектерін білдірді. Сөйлеушілер қала әкімінің жыл бойы атқарған жұмысын оң бағалады.
Гүлбаршын Әжігереева
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер