18.02.2020, 11:28
Оқылды: 67

Абай мұрасын спорт арқылы да насихаттау керек - Армат Исанов

Биылғы жыл еліміз үшін үлкен белестің бастауындай болды. Халықтың жанашырына, елдің тұтқасына айнала білген марғасқалардың мерейтойы аталып өтілмек. Солардың бірейгейі, қазақтың аузынан жыры түспеген Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы.

Abai kynanbayev

Абайдың мұрасы қазақты руханият биігіне жетелер саты іспеттес. Оның тағылымды, түйінді ойлары әр қазақтың жүрегіндегі талпынысты оятып, алға қарай қадам басуына ықпал жасайды. Жыл басталғалы әр сала өкілдері Абай мерейтойын мейлінше насихаттауда.

Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі де Абай Құнанбайұлының мерейтойын тойлауда өзіндік үлес қосса деген ниетпен жаңа бастаманы қолға алмақ. Енді Ақсай қаласында орналасқан мұз төбешіктер мен мұз айдындарында Абайдың қара сөздері мен әндері шырқалмақ. Бұл үрдіс әртүрлі спорттық іс-шараларда да өз жалғасын таппақ. Абай әніндегі әуезді, қара сөзіндегі құнардың құндылығынан нәр алған әр қазақ үшін бұл игі бастама болсақ. Біздің негізгі мақсатымыз да осы.

Армат ИСАНОВ,

Бөрлі ауданының дене шынықтыру

және спорт бөлімінің басшысы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице в Instagram и нашем Telegram-канале

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале