19.02.2020, 10:41
Оқылды: 27

Астрахандағы келелі кеңес

Облыс әкімі Ғ.Есқалиевтің тапсырмасымен Жәнібек ауданының басшылығы Ресей темір жолдарының Астрахан қаласының бөлімшесінде Ресей Федерациясы басшылығымен кездесу өткізді.

 janibek audany

Басқосуға Батыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автокөлік жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қазбек Меңеев, Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев пен оның орынбасары Жақсылық Абдолов, аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов қатысты. Жиында Жәнібек пен Бөкей ордасы аудандарына жол салу кезінде құрылыс жұмыстарына қажетті материалдарды тиеу, түсіру жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Басқұншақ, Палласовка жолаушылар пойызының маршруттары мен Жәнібек ауылында теміржол тұйығының орналасуы да айтылды.

Ә.САДЫҚ,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале