Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.Самет «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Салиева және АМТ мүшелері жұмыс сапарымен Шыңғырлау ауданында болды.
Жұмыс сапары барысында Н.Самет пен Ә.Салиева азаматтарды жеке сұрақтары бойынша көшпелі қабылдау өткізді.
Қабылдауда аудан тұрғындары сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлаған азаматтарға қарастырылған ақшалай сыйақылар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жүргізу, мемлекеттік қызметшілердің жалақыларын көтеру және т.б. мәселелер бойынша өтініштерін білдірді.Аталған өтініштерді Департамент бақылауға алды.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер