Warning: session_start(): open(/tmp/sess_ghsr03ba52g0ed3b33cnr4amqe, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Жәнібекте мылтық атудан ашық турнир өтті - официальные новости ЗКО
21.02.2020, 16:51
Оқылды: 280

Жәнібекте мылтық атудан ашық турнир өтті

М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығына және  Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай пневматикалық мылтық атудан ашық турнир оздырылып, оған аудан орталығындағы және ауыл мектептерінің оқушылары қатысты.

janibek myltyk atu

Турнирдің ашылуында  аталған колледждің директоры Берік Ихсанов пен ауған соғысының ардагері Кәрімжан Аткешов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Одан әрі колледж студенті Асылхан Сариевтің орындауында «Бір ел болса» әні шырқалып, спорттық шара өз жалғасын тапты. Аталмыш сайыстың қорытындысы бойынша М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің командасы жеңімпаз атанса, Е.Ниетқалиев және Т.Жароков атындағы орта мектеп командалары тиісінше ІІ, ІІІ орынды иеленді. Ал «Мерген атушы» аталымын қыздар арасында Ақбота Ерғалиева, ұлдардан   Алихан Ерболатов еншіледі.

Гүлім ҚАБДОЛОВА

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале