26.02.2020, 17:46
Оқылды: 74

  Вице-консул ауылға кітап сыйлады

   Көпұлтты мекен – Теректі ауданының Покатиловка ауылында өткен жылдың қарашасында казак әндерінің ІІ халықаралық фестивалі өткізілген болатын.

kitap 3

Сол жолы ауылға Жайық казактары қоғамдастығымен бірге өнер көрсетуге көршілес Ресей елінің  Саратов облысы, Алғай қаласынан  «Сударушка», Тольяттиден «Ставр» ансамбльдері келді.

Ән фестиваліне Орал қаласындағы Ресей Федерациясының бас консулдығы атынан делегация бастап келген вице-консул Владимир Волков ауылдағы кітапхана жұмысына сүйсінген-ді. Сөреде тізілген орыс тіліндегі әдебиеттің  мазмұны мен қорына таң қалған ол «оқитын адамы көп жерге кітап сыйлағым келеді» деген.

kitap (1)

Вице-консул сөзінде тұрды. Покатилов ауылына осы жолы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, «Победа одна на всех» жобасымен келген ол кітапханаға 133 дана кітап сыйға тартты.

kitap (2)

Владимир Волков сыйға тартқан кітаптардың  дені – әдеби шығармалар.

Арнайы келген вице-консул ауылдағы тыл ардагерлері, майдангерлер ұрпақтарымен кездесіп, олардың әр қайсына естелікке кітап табыс етті.

Камелия ӨТЕУ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале