2.03.2020, 18:18
Оқылды: 28

«Жаңа талаптың» тыңдаушылары мемлекеттік қызметтің жаңа форматтағы жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен «Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің тыңдаушыларына «Халыққа қызмет етудегі жаңа форматпен танысу» шарасы ұйымдастырылды.
zhana talap (2)Шараның мақсаты – мектеп тыңдаушыларын мемлекеттік органдар мен мемлекеттік жаңа форматтағы жұмысымен таныстыру.

Шара барысында мектеп тыңдаушыларына «Ашық әкімдік», Орал қаласының №2 халыққа қызмет көрсету, «Smart Uralsk» қызмет көрсету, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жұмысы таныстырылып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алудың тәртібі түсіндірілді.

zhana talap (7)

Сонымен қатар шараға қатысушылар Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасында болды. Олар қабырғасыз, ашық алаңда қызметкерлердің жұмыс орындарымен жабдықталған «Open space» форматындағы басқарманың офисінде цифрландыру және ақпараттандыру саласындағы жобалармен танысты.

zhana talap (1)

Экскурсия Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында жалғасты. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қолданылған шаралар туралы айтылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалында мектеп тыңдаушыларының департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаевпен және филиалдың директоры Ж.Даухаринмен кездесуімен және өзара көмек көрсету принциптерін құруға негізделген интеллектуалды тимбилдинг өткізумен аяқталды.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы жанынан «Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебі құрылған болатын. Мектептің мақсаты – талантты, дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту.

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале