4.03.2020, 16:21
Оқылды: 49

  Жас кәсіпкер ашқан орталық

    Жалпы, жас кәсіпкер – еліміздің келешегін қалыптастырушы. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлік палатасы «Жас кәсіпкер» жобасын қолға алғалы бері елімізде кәсіпкерлердің саны күн санап көбеюде. Бұл іске қала мен ауыл-аймақтағы өңірлік кәсіпкерлер палаталары да белсене атсалысуда. Аталмыш жоба бойынша білімін шыңдаған Әсел Кенжеғалиева да қазіргі таңда өз ісін нық қолға алған жандардың бірі. 

kasipker (3)

– «Жас кәсіпкер» жобасы арқылы 505 000 теңге  қайтарымсыз грант ұтып алып, Подстепный ауылынан оқу орталығын ашуды ұйғардым. Қазіргі күні біздің «Атамекен» оқу орталығында ағылшын тілі мен математика пәндерінен дәріс берілуде. Келушілер қатары күн санап артуда. Қолға тиген қаржыға орталыққа қажетті құрал-жабдықтар да сатып алдық. Болашақта оқу орталығын кеңейтіп, Орал қаласынан да ашсақ деген ой бар. Осы мақсатта еңбектеніп жатырмыз, – дейді Әсел Ержанқызы.

terekty audany (2)

Самал  Жәмет

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале