6.03.2020, 16:48
Оқылды: 25

Ақжайықта балабақша тәрбиеленушілері белсенді әйел-аналарға тосын сый жасады

    Ақжайық ауданы орталығындағы «Бөбек» балабақшасының тәрбиеленушілері гүл-көктемнің ең шуақты мерекесі - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында түрлі саланың тізгінін ұстаған нәзік жандылар, белсенді әйел-аналарға ерекше тосын сый ұсынды.

Ana

«Сіздей болам өскенде» деп ұрандатқан бір топ балдырған қыздар өздері құттықтай барған жандардың көңілін пәк тілегімен, бал тілімен ерекше нұрландырды. Балабақшаның орта тобының еркелері көрікті мерекенің иелері – үйдің де, түздің де абыройын теңдеп жүрген аналар, қыз-келіншектерге жылы лебіздері мен  жүрекжарды алғыстарын тақпақ, әндерімен жеткізді. Сонымен қатар олар әр салада қызмет ететін нәзік жандылардың абыройын асқақтататын жыр жолдарымен қатар, өз қолдарымен жасаған сәнді түйреуіштерін тарту етті.

Жер бетіне өмір нәрін сыйлаған нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандар қандай мадаққа болса да лайық. Дегенмен балалық жүрегімен ақтарған ақ тілектер мереке иелерін ерекше сезімге бөлеп, тебірентті. Білімдерімен, өнерлерімен сүйсіндірген  балдырғандарға әйел-аналар рахметтерін жаудырып, тәттілерін ұсынды.

Әлия Шәрапиева

Ақжайық ауданы

Суретті түсірген Нұрбек Ихсан

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале