17.03.2020, 15:43
Оқылды: 61

Новопавлов ауылы жарықтандырылмақ

Теректі ауданына қарасты Новопавлов ауылында абаттандыру жұмысы қарқынды.

Ауыл әкімі Қайрат Жұмақаев көшелерді жарықтандыру мен электр желілерін орнатуды қолға алдық деп отыр. Оның айтуынша, қазіргі таңда ауылды жарықтандыруға жергілікті бюджеттен 438 мың теңге қаржы бөлінген. Тінін тарқатсақ, биылғы жылдың наурыз-сәуір айларына 14 түнгі жарық шамын сатып алу үшін келісімшарт жасалған. Ал қалғаны екінші жартыжылдықта, яғни қазан-қараша айларына жоспарлануда.

sham (3)

– Жалпы, ауылда барлығы 6 көше бар. Кей шеткі көшелерге электр желілері жүргізілмеген еді. Соған қосымша 100 метрдей оқшауланған сым сатып алу көзделіп отыр.

sham (1)

Сонымен қатар осы жылдың мамыр-маусым айларында  мектеп алдындағы 6 жарық бағанасына Ұлы Жеңістің – 75, Абай Құнанбаевтың – 175, әл-Фарабидің 1150 жылдықтарына және тағы да басқа атаулы мерейтойларға орай арнайы дайындалған лайк-бокстар ілеміз. Бағаналар ұлттық оюлармен де безендіріледі. Осы жұмыстарға ауылдық бюджеттен «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен 625 мың теңге қарастырылды, – дейді ауыл әкімі.

Самал Жәмет

Теректі ауданы

 zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале