17.03.2020, 17:35
Оқылды: 49

Теректілік қайтарымсыз грантқа ие болды

Теректі ауданының Шағатай ауылында дәмі тіл үйірер түрлі тәттілер пісіріп, өз кәсібін дөңгелетіп отырған шағатайлық Майра Хамсинаның ісіне ауыл тұрғындары дән риза.

Maira 2

Қазіргі таңда көп бала тәрбиелеп отырған кейіпкеріміз әу бастан-ақ қолдан тағамдар пісірудің хас шебер екен. Осы істі одан әрі  өркендетуді жөн көрген Майра Мақсотқызы ең әуелі «Бастау» бағдарламасымен бастаған. Кейін «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында білімін шыңдап 505000 теңге  қаржылай  қайтарымсыз грантты ұтып алған.

– Өңірімізде жүзеге асып жатқан бірнеше бағдарламаның берері мол. Өйткені үйде отырған әр адам өзінің жеке кәсібін ашқысы келеді, алайда көбінесе қаржы мәселесі қолбайлау болатыны шындық. Осындайда аталмыш бағдарламаның көмегі көл-көсір.

Бүгінгі уақытта ұтып алған қаржыға торт пісіретін құралдар сатып алдым. Тортпен қатар, нан, пирожки, тәтті тоқаштар пісіремін. Ауыл тұрғындарынан сұраныс бар, – дейді «Нұр» жеке кәсіпкерлігінің иесі М.Хамсина.

Самал Жәмет

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале