17.03.2020, 21:00
Оқылды: 53

Теректілік күйші мәдениет саласының үздігі атанды

Бүгін Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов Ақжайық ауылының тұрғыны, есімі елге таныс күйші Мағаз Номеновпен  жүздесті.

5CCF43D8-CA40-4D67-9A28-58337D2735D7

Емен-жарқын кездесу барысында аудан басшысы Мағаз Номенұлының өңір мәдениетінің дамуында орасан үлесі бар екендігін айта отырып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін тапсырды.

Мағаз аға 1977 жылы өз ауылында мәдениет саласында еңбек етіп бастап, 2016 жылы осы жерден зейнет демалысына шыққан, күйшілігімен елге танылған азамат.  

Туған жерінің қажетіне жараған  марапат иесі өз кезегінде  еңбегін елеп жатқан жандарға алғысын білдірді.

Самал Жәмет

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан жәнеTelegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале