Әлемді алаңдатқан коронавирус індетінен қорғану құралы ретінде қазір бетперде (маска) іздеген адам көп.
Дәріханалардың көбінде бетперде жоқ, болса да бағасы шарықтап тұр. Теректі ауданы, Федоров ауылындағы ісмер-кәсіпкер Гүлназ Құсайынова бұл мәселені шешуге кірісіп кетті. Ол бетперде тігіп, саттыққа шығарды. Құны 250 теңге тұратын маска мықты матадан, екі қабат қылып тігілген. Яғни оны ыстық немесе зарарсыздандырғыш қосқан суға жуып, үтіктеп, қолдана беруге болады.
Гүлназдың өнімі сұранысқа ие, қазірдің өзінде аудан халқынан тапсырыстар көптеп түсуде.
Камелия Өтеу
Теректі ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер