18.03.2020, 16:07
Оқылды: 60

Қайырымдылықтан ақжайықтық мемлекеттік қызметкерлер де сырт қалған жоқ

Жыл сайын көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан тиісінше көмек көрсетіліп, түрлі ұйымдар өз істерін жауапкершілікпен атқаруда. Аудан орталығы Чапаевта атымтай жомарттары күнкөрісі төмен жерлестерін қамқорлыққа бөлеп жатса, бұл іске мемлекеттік қызметкерлер де өз үлестерін қосуда.

Nurbek (1)

Мәселен, жуырда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық жұмыспен қамту орталығы қызметкерлері бірлесіп, қайырымдылық шарасын өткізді. Нақтырақ айтсақ, кеңдіктен ешкім  кем болмайтынын түйсінген мекеме қызметкерлері өз қаражаттары есебінен 15 отбасының әрқайсысына азық-түлік алу үшін 5000 теңгенің сертификатын табыс етті. Енді олар аудан орталығындағы «Елдар» дүкенінен осы сомаға қажетті тауарларын сатып ала алады.

Nurbek (2)

Адамдарға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету  бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да  өз жалғасын таба бермек.

Ләззат Өтегенова 

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале