18.03.2020, 20:01
Оқылды: 32

Әлеуметтік сала – басты назарда!

Облыстық мәслихатта өткен кезекті 33-ші сессияда 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сессияда көтерілген сұрақтар талқысына облыс әкімі Ғали Есқалиев те қатысты. 

sessia 5

   Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Тілепберген Каюпов облыстық мәслихаттың  "2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы мәлімдеді.

Sessia 7

 –  Облыстық бюджеттің параметрлерін нақтылаудың негізі жергілікті бюджеттің түсімдерін түзеу болып табылады. Нақтыланудың жалпы сомасы 5,9 млрд. теңгені құрады, оның ішінде мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаудан шығатын түсімдер – 2,8 млрд. теңге. Енгізілген өзгерістер есебімен облыстық бюджет 199,7 млрд. теңгені құрады.  Жобаның негізгі басымдықтары, бірінші кезекте Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы алға тартқан тапсырмаларды іске асыру.  Бюджеттің ең негізгі бағыттарының бірі   –  әлеуметтік блокқа 906 млн. теңге қарастырылды. Оның ішінде облыс мектептері мен мектепке дейінгі ұйымдарға бейнебақылау орнатуға - 206 млн., облыстың барлық мектептерін санитарлық-гигиеналық қажеттіліктермен қамтамасыз етуге – 310 млн.,  аз қамтылған балалардың отбасы үшін кепілдендірілген әлеуметтік көмек енгізуге – 196,5 млн. теңге қаражат қарастырылды. Сондай-ақ ауылшаруашылық, ветеринария және қоршаған ортаны қорғауға -1,3 млрд. теңге бағыттау жоспарланса, Тұрғын үй құрылысына -  2,8 млрд. теңге, Ақжайық ауданы, Базартөбе ауылының су құбырын реконструкциялауды аяқтауға - 33,2 млн., теңге қарастырылып отыр, - дейді Тілепберген Каюпов.

Sessiya (3)

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ринат Шауенов  Батыс Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2020 жылға арналған төлемақы ставкаларын және облыстың су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы айтты.

– 2019 жылы инфлияциялық өзгеріске сәйкес төлемақы мөлшерлемелерін  туралы облыстық мәслихаттың шешімін қайта бекіту қажеттілігі туындап отыр. Бұл ұсынылып отырған төлемақы мөлшерлемесі соңғы тұтынушының (Тұрғындар  мен шаруа қожалықтары) алған суының құнына әсер етпейді. Себебі соңғы тұтынушы ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігімен бекітілген тариф бойынша төлейді. Осы төлем мөлшерлемесі бекітілген кезде облыстық бюджетке қосымша түсім түсіреді және табиғат пайдаланушылардың жер үсті су ресурстарын тиімді әрі үнемді пайдалануын арттырады, - деді өз сөзінде Ринат Шауенов.

Sessia

Кезекті сессияда сыртқы жарнамаларды елді мекендерден тыс жерлерде орналастыру мәселесі де қаралды. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлыбек Даумовтың айтуынша, сыртқы жарнаманы орналастыру кезінде жарнама мазмұнына және оның жол қауіпсіздігіне әсер етпейтіндігіне ерекше назар аударылуы қажет. Облыстық  энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Рустем Закарин  тұрғындардың қолайлы өмір сүру ортасын жақсартып, қалалар мен елді мекендердің эстетикалық сипатын арттыру үшін  аумақтарды аббаттандыру бойынша ұсынысын ортаға салды. Сессия барысында қаралған мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тапты. Сессияны түйіндеген облыс басшысы Ғали Есқалиев үнемделген қаражаттың әлеуметтік салаға жұмсалатындығын жеткізді.  

–  Бірінші кезекте – бюджет мәселесі. Біз еш пайда әкелмейтін шығындарды қысқартып, 400 млн. теңге үнемдедік. Үнемделген қаражатты әлеуметтік мақсатқа пайдаланамыз. Бүгінгі сессияда көтерілген сыртқы жарнаманы реттеу, Деркөл кентін қайта құру, қала мен елді мекендерді абаттандыру сынды мәселелер – халықтың  өтініш-тілегі. Сондықтан ұсынысты қолдағандарыңыз үшін рахмет, - деді облыс әкімі.

 Сессия соңында облыстық мәслихаттың үшінші шақырылымында  мәслихат хатшысы болған Табылғали Сапаров Қазақстан мәслихатының құрметті депутаты төсбелгісімен, облыстық мәслихат депутаты Ерлан Тоқсанов ҚР Парламенті сенатының алғысхатымен  марапатталды.

 Гүлжамал Жолдығали

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан жәнеTelegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале