Қазақстанда коронавирустың бес жаңа дерегі тіркелді: Алматыда - үшеу, Қарағандыда - екеу, деп хабарлайды zakon.kz.
"Коронавирустық инфекцияның тағы 5 жағдайы анықталды. Бүгінгі таңда республикамызда коронавирустың 49 жағдайы расталды, оның 22-і - Алматыда, 25-і - Нұр-Сұлтанда, екеуі - Қарағандыда", деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер