Ағымдағы жылдың 20 наурызында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына үндеуін жолдаған болатын.
Үндеуде Елбасымыз осындай ауыр кезеңде барлық қазақстандықтарды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырды. Басты мақсат - біздің азаматтарымыз бен мемлекетіміздің мүддесін қорғау екендігі ескерілген. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін Елбасымыздың шешімімен Тұңғыш Президент Қоры есебінен 200 миллион теңге бөлінді. Ел билігі коронавирустан қорғану үшін оның алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдауда. Осы орайда Еліміздің барлық азаматтарын төзімділік танытуға, мемлекет қабылдап жатқан шараларды қолдауға шақырамын.
Арғын Жұлдызбеков
Бəйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер