Аудан аумағында короновирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу, алдын алу мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған жедел әрекет ету штабының мүшелері азық-түлік дүкендеріне рейд жұмыстарын жүргізді.
Штаб мүшелері сауда нүктелері иелері мен қызметкерлеріне короновирусты инфекция таралуының алдын алу бойынша санитарлық-профилактикалық іс-шараларды күшейту жөнінде кеңес берді.
Арнайы мамандар тұтынушылар арасында әдістемелік жұмыстар мен профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар, санитарлық-ағарту жұмысы жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Сондай-ақ жедел штаб мүшелері тұрғындар арасында азық-түлікке қатысты орынсыз дүрбелеңге жол бермеу үшін бірінші кезекте қажетті 39 азық-түлік түрінің бағасына мониторинг жасады. Әзірге азық-түлік бағасының шектен тыс көтерілуі байқалмайды және дүкендер арасында бағаға қатысты әркелкілік жоқ.
Ертай Бимұханов
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер