26.03.2020, 12:57
Оқылды: 48

Мемлекеттік қызметті тек онлайн аласыз

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және оқшаулау шараларын күшейту мақсатында жарияланған карантинге байланысты еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылған болатын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәлімдеді.

479AC476-C656-4835-B461-B198809335D9

Қазақстандықтарға бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-ы "Электрондық үкімет" порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты арқылы алуға болады.

Айта кетейік, байланыс орталықтары дүйсенбіден сенбіге дейін таңғы 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Қоңырау шалу тегін.

Бұдан бөлек, Азаматтарға арналған үкіметтің 200-ден астам қызметкері бейнеқоңырау арқылы қызмет алушыларды мобильді азаматтар базасында тіркейді.

 Самал Жамет

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале