26.03.2020, 16:24
Оқылды: 44

Теректілік көпбалалы ана кәсібін ашты

Күндіз-түні еңбек еткен адамға бақыт басын иетіні рас. Осындай жандардың қатарын Теректі ауданына қарасты Подстепный ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Жібек Жаңабаева толықтырып тұр.

Медицина саласының маманы болса да, қазақ халқының ұлттық қолөнерін насихаттауды жастайынан көздеп келеді. Бірінші сынып оқып жүрген кезінен қазіргі уақытқа дейін қолынан ине-жібі түспеген оның арманы орындалды.

BE27901C-2FE5-40B1-B7D5-160DF54E511F

- Жалпы, тігін тігуді анам Гүлнәрдан үйрендім. Бала кезімде өзімнің ойнайтын қуыршақтарыма әртүрлі киімдер тігетін едім. Кейін би өнерімен де шұғылдандым. Сонда билеуге киіп шығатын костюмдерді де өзім тігіп алатынмын. Мұның бәрі анамның тәлім-тәрбиесі. Сондай-ақ енем де тігінші. Ол кісіден де үйренерім мол. Сөйтіп, қос анамнан көріп-білгендерімді жинақтай келе, тігін шеберханасын ашуды ұйғардым. "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлік палатасы арқылы қаржылай қайтарымсыз грант алып, ол ақшаға 2 тігін машинасын сатып алдым. Бүгінгі таңда көрпе-жастық, сырға салу рәсіміне арналған бұйымдарды тігудеміз. Егер тұрғындардан сұраныс болса, ұлттық киімдерді де тіге беремін,- дейді Жібек Дидарқызы.

 Самал Жамет

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале