ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің мәліметінше, Жамбыл облысында тағы бір адам вирус жұқтырған.
Осылайша, 26 наурыз, сағат 22-20-дағы жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 112-ге жетті. Нұр-Сұлтанда – 61 жағдай, Алматыда – 40 жағдай, Қарағандыда – 4 жағдай, Алматы облысында 4 жағдай, Ақтөбе облысында 1 жағдай, Шымкентте – 2 жағдай, Жамбыл облысында – 2 жағдай, Солтүстік Қазақстан облысында 1 жағдай тіркелді. Осыған дейін елімізде бір әйелдің коронавирустан қайтыс болғанын жазған едік. 64 жастағы қарттың қазасына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер