27.03.2020, 17:28
Оқылды: 44

Ақжайықта азық-түлік дүкендеріне рейд жүргізілуде

Ақжайық ауданында коронавирустың таралуының алдын алу, бағаны негізсіз көтеруді болдырмау мақсатында аудан орталығындағы азық-түлік дүкендеріне күнделікті рейд жүргізілуде.

5B92D869-A874-44EA-83AD-407AA6D94DDC

Санитарлық-эпидемиологиялық сала мамандары дүкен иелері мен қызметкерлеріне төтенше жағдай талаптарын сақтаудың маңызы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Айталық, осындай нысандардың жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін шектелсе, дүкенде кезекте тұрған адам санының 5-еуден аспауы және олардың арасында 1 метр арақашықтық сақталуы тиіс. Сонымен қатар әр 3 сағат сайын дезинфекциялық жұмыстардың жүргізілуі, қызметкерлердің бетперделері мен қолғаптарының уақтылы ауыстырылуы да қаперге салынды.

24EC3EB4-5514-49E9-8000-18BA2C5F3557

Елде төтенше жағдай жарияланғанымен, аудан тұрғындары әзірге бейқам секілді. Бірқатар дүкендерде сапырылған кезек, қожайыны тұтынушылардың артығын шығара алмай әлек. Аралаған дүкендердің арасында барлық талапты сақтап, санитарлық нұсқаулықтарды ескерген тек «Бұлақ» дүкені ғана. Оның иесі Светлана Сағитова «Дүкенге келетін адамдарға қауіпсіз жағдай жасау – біздің міндетіміз. Алғашында тұтынушыларымыздың тосырқағаны рас. Дегенмен біз талап еткендіктен, қазір дүкенде бір мезетте 5 адамнан артық жиналмайды. Санитайзер де орнатылды, қажет адам келіп, қолын дезинфекциялай алады», дейді.

Әлия Шарапиева

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Азамат Қанапия

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале