31.03.2020, 11:07
Оқылды: 56

Жалпақталда бақылау күшейтілді

30 наурызда Жалпақтал ауылы әкімі Әлия Жақсыбаева мен Қазталов аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы Марина Мұхамбетқалиева  Жалпақтал ауылындағы барлық сауда орындарының, мекеме-ұйымдардың, жамағат жиналатын мешіт пен ауыл көшелерінің санитарлық тазалықтарын тексерді.

16CCA738-80D2-4766-98F4-AC644933175F

Тексеріс барысында аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы Марина Мұхамбетқалиева әлемді жаулаған жаман індеттен қорғану жолдарын түсіндіріп, қоғамдық орындар басшыларына арнайы жадынамалар таратты.

AECE3330-0B9C-428E-B2A0-2C3D7E5371D1

Алдағы уақытта осындай бақылаулар мамандар тарапынан күшейтілетін болады.

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале