Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты Еріктілер жылы аясында Жәнібек ауданы тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі жан Қантым Ғұмарова өз еркімен бетперде тігіп, тегін таратуды қолға алған.
Мұны біз Қантым апайдың мекенжайына барғанда өз көзімізбен көрдік.
– Халқымыз осынау қиын кезеңді бастан кешіп жатқанда қамсыз қалғанды жөн көрмедім. Қолымнан келетін осы істі бастап кеттім, - деді ол
Қ.Ғұмарова аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысына өзі өтінішпен шығыпты.
Қантым Аманқызы бізге хабарласып, ерікті қызметпен айналысқысы келетінін, яғни бетперде тігуге материал керектігін жеткізді. Біз де бетперде тігумен айналысып жатқасын, өзімізден артылған 15 метр ақ матаны әкеліп бердік. Осы тігілген бетперделерді ел игілігі үшін халыққа тегін тарататын боламыз, - деді аталған орталықтың басшысы Мирас Иманғалиев.
Гүлім Асқарқызы
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz