3.04.2020, 10:05
Оқылды: 35

 Жәнібекте жол жөндеу жұмыстары басталады

    Биыл Жәнібек ауданында «Казталов – Жәнібек – РФ шекарасы» республикалық маңызға ие күре жолды күрделі жөндеу жұмыстары басталғаны белгілі.

A5A387A1-9E00-4563-9987-F7456DA0AD03

 Аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловтың айтуынша, бүгінде Орал қаласынан Өнеге елді мекеніне ірі құм (гравий) тасымалдануда. Сонымен бірге Жәнібек ауылындағы темір жол тұйығына вагонмен 40 мың текше метр қиыршық тас (щебень) жеткізілген. Өнеге елді мекеніне асфальтбетонды зауыттың құрал-жабдықтары әкелініп, оларды құрастыру жұмыстары жүріп жатыр. Автокөліктердің салмағын өлшейтін таразы орналастырылуда. Аудан орталығынан мұнда 15 тонна қиыршық тас жеткізілген. Жәнібек ауылындағы темір жол тұйығына вагонмен келген қиыршық тасты түсіруге жергілікті тұрғындардан 40 шақты жұмысшы тартылған. Қазіргі уақытта төтенше жағдай жариялануына байланысты дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Алдағы аптада айналмалы жолды бастау жоспарланып отыр. Содан кейін негізгі жұмыстар басталатын болады.

А.Есіркепов

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале