3.04.2020, 21:24
Оқылды: 55

Оралдағы №1 дәріхана антисептиктер шығара бастады

Облыста антисептиктер, яғни қол жууға арналған залалсыздандыру құралдары шығарыла бастады. Бүгінде сұранысқа ие санитарлық қорғаныс құралын облыс орталығындағы дәріхана  дайындауда.

B34F83E1-01A4-4442-8125-AE78AD628F4A

Өнімнің одан әрі  таралуына жергілікті «Талап» АҚ, «Топан» және «CLEANSER» ЖШС-тері атсалысуда. Енді облыста күніне  600 литр антисептик шығарылатын болады. Антисептиктер «Талап» дәріханалар желісі арқылы таралып, жеке және заңды тұлғалар үшін де қолжетімді болмақ. Антисептиктер 300, 500 грамдық, литрлік және бес литрлік құтыларға құйылады. Бұл өндіріс облыс тұрғындарын антисептиктермен қамтамасыз ету үшін қолға алынды. Игі іске жергілікті кәсіпорындар да атсалысып отыр. Өнімнің бағасы шектен тыс жоғары болады деп ойламаймын. Тағы бір айтта кетерлігі, «Талап» АҚ өңірдегі медициналық мекемелерге арнап 20 тепловизор сатып алып берді. Оларды облыстық денсаулық сақтау басқармасы тиісті медициналық мекемелерге табыстайтын болады, дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Жанна Бекқалиева.  

81D7EAF7-5BD8-40A4-8E10-9E71D3803144

«1 дәріхана» ЖШС директоры Мерует Бергеннің сөзінше, мұнда бұрын қол жууға арналған акмасепт сатылымда болған. Соңғы күндері бұл антисептик көтерме сауда фирмаларында көрінбей кеткен екен. Сондықтан аталмыш дәріхана дәрі-дәрмек жасауға лицензиясы болғандықтан, қол жууға арналған антисептик жасауды ұйғарады. Барлық талаптар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  нұсқамасымен орындалуда.

C8F6108E-D63E-41BA-9A05-C4F3CC325471

Облыс әкімдігінің қолдауымен «Талап» АҚ,  «Топан» ЖШС-термен бірлесіп қажетті 20 тонна этил спиртіне қол жеткіздік. Санитарлық залалсыздандыру құралының көп мөлшері «Топан» ЖШС-да дайындалады. Провизор-технолог басы-қасында жүріп, жасалу барысын қадағалайды. Дәріханада тұрғындар үшін  антисептиктерді 100, 200 миллилитрден, ал мекемелер үшін 20, 30 литрге дейін дайындаудамыз. Антисептикке аудандардан да тапсырыс түсуде. Бүгінде Казталов, Бәйтерек аудандарының және бірнеше мекеменің тапсырысын орындаудамыз, деді «№1 дәріхана» ЖШС директоры Мерует Берген.

Айта кету керек, дәріхана тұрғындардың маска, қолғап секілді өзге де санитарлық-дезинфекциялық құралдармен қамтылуын да қамтамасыз етіп отыр. Мысалы, «Завод Плюс» ЖШС және  «Касенов ММ» ЖК, «Сервис» Орал технологиялық колледжі күніне 2 мыңға жуық маска тігіп әкелуде. Олар тез арада сатылып кетуде. Пайдаланылған материалға байланысты маскалар 150-180 теңгеге бағаланып отыр.  

Ясипа Рабаева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале