Қазақстанның 3 облысында тағы 20 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Сайт таратқан ақпараттарға қарағанда 5 сәуір, таңғы сағат 09:15-тегі жағдай бойынша, Жамбыл облысында -17, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Түркістан облысында 2 адам коронавирус жұқтырған. Осылайша елде қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 551-ге жетті. Нұр-Сұлтан қаласы – 219, Алматы қаласы – 110, Шымкент қаласы – 13, Ақмола облысы – 20, Ақтөбе облысы – 10, Алматы облысы – 10, Атырау облысы – 22, Шығыс Қазақстан облысы – 5, Жамбыл облысы – 28, Батыс Қазақстан облысы – 2, Қарағанды облысы – 27, Қостанай облысы – 1, Қызылорда облысы – 30, Маңғыстау облысы – 3, Павлодар облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Түркістан облысы – 25.
zhaikpress.kz