6.04.2020, 17:44
Оқылды: 40

Тұрғын үй құрылысына қосымша қаражат бөлінді

 Бұл туралы дүйсенбі күні өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында хабарланды. Мәслихат депутаты Нұрғазы Сәтбаев төрағалық еткен сессия отырысына облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шакимов қатысты.

3BBC96E0-71A9-42DE-AEE9-E31E1488BCD6

- Бүгін 3 наурыз күні өткен 34-ші мәслихат сессиясының күн тәртібіндегі мәселелеріне қосымша бір ғана ұсыныс қаралмақ. Өткен сессияда төтенше жағдайға байланысты шараларды жедел қаржыландыру үшін төтенше резервті толықтыруға 700 млн. теңге, Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде 25,6 млрд. теңге бөлу туралы ұсыныс қолдау тапқан болатын. Оның сыртында мемлекеттік комиссия отырысының хаттамасы негізінде республика бойынша бағалы қағаздар шығару есебінен әр өңірге тұрғын үй салуға қаражат бөлінді. Біздің облысымызға 6 млрд. теңге қаралып отыр. Күні кеше облыстық құрылыс басқармасымен жобалар жан-жақты талқыланып, бұл аталған қаражатты әлеуметтік-кредиттік тұрғын үй салуға бағыттауды ұсынып отырмыз, - деді облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Тілепберген Каюпов.

75856752-41C2-4EA9-BF99-936AEB163686

Сессияға қатысқан облыстық мәслихат депутаттары төтенше жағдай кезінде қазына қаражатын барынша үнемдеу жөнінде, тұрғын үй салуда жергілікті халықты барынша жұмыспен қамту, құрылысқа қажетті мамандарды дайындау қажеттігі туралы өз ұсыныстарын айтты. Сессияның күн тәртібіне ұсынылған мәселе халық қалаулылары тарапынан қолдау тапты.

ED66091D-C311-4B3E-B177-DB6660E9819C

Нұрбек Оразаев

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале