7.04.2020, 12:28
Оқылды: 37

БҚО-ға инвестициялар тарту және ірі жобаларды жүзеге асыру үшін индустриалдық аймақ құру жоспарлануда

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев айтты.

E2B100A9-A627-4508-A4B1-D9D3B50CE262

Сондай-ақ өңірімізде құрылысы жүргізіліп жатқан обьектілерге де тоқталды. Олар:
- 2020 жылы іске қосылатын трансформаторлар үшін панельдік радиаторлар өндірісі, инвестиция 4,0 млрд. теңге көлемінде («Орал трансформатор зауыты» ЖШС);
- 2020 жылы іске қосылатын жиһаз фабрикасы, инвестиция 2 млрд. теңге көлемінде («Квант» ЖШС);
- 2021 жылы іске қосылуы тиіс Қарашығанақ қайта өңдеу кешенінің газына өндіріс шектеулерін жою, инвестициялар 425 млрд. теңге көлемінде (Ұлыбритания, АҚШ, Нидерланды).
Облысқа инвестициялар тарту және ірі жобаларды жүзеге асыру үшін индустриалдық аймақ құру жоспарлануда. Бұл мақсатқа Теректі ауданындағы Ақсуат а/о Пойма стансасында 281 га жер бөлінді. Бүгінгі күні техникалық-экономикалық негіздеме, жобалық-сметалық құжаттама жасалып, жобаға мемлекеттік сараптама жүргізілді. Сонымен қатар 2020 жылға 1,7 млрд. теңгеге инфрақұрылым жүргізу бойынша өтінім мақұлданды.
Инвестициялар тарту мәселелерін жеделдету мақсатында инвестиция тарту және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және даму институттарымен өзара іс-қимыл бойынша өңірлік оператор ретінде «Орал» ӘКК» АҚ жанындағы инвесторларға қызмет көрсету орталығы таңдалды. Бүгінгі күні инвесторларға қызмет көрсету орталығы жаңа тұжырымдама бойынша қызмет етуде.
Өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасының ІІ бесжылдығы (2015-2019 жж.) аясында 1500-ге жуық тұрақты жұмыс орнын құрумен 93,9 млрд.теңгеге 36 жоба іске қосылды.
Өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасының ІІІ бесжылдығы (2020–2025) аясында 65,9 тұрақты жұмыс орнын құрумен 170,3 млрд.теңге сомасына 10 жобаны жүзеге асыруда.
Индустрияландыру картасы жобаларын іске асыру өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған.
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырғаннан бастап мемлекеттік қолдау шаралары жалпы сомасы 124,2 млрд.теңгеге несиелер мен инфрақұрылымға 947 кәсіпкерлердің жобасын қамтыды.
Құрылыс сомасы 2,7 млрд.теңге болатын 57 кәсіпкердің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылым жеткізілді.
Қолдау тапқан жобалар аясында 28,2 мың жұмыс орны сақталып, 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.
2020 жылы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға жалпы сипаттағы трансферттен 1,8 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде:
- несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау 1532,4 млн. теңге;
-   несиелер бойынша кепілдемелер – 146,9 млн. теңге;
-   гранттық қаржыландыру – 86 млн.теңге.
Бүгінгі таңда несие соммасы 1 713 млн.теңге болатын 55 жаңа жобаның пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау мақұлданды, ЖАО төлемдері 220,6 млн.теңгені құрады.
Кепілдендірудің жалпы сомасы 163 млн.теңгеге 18 кепілдік келісімшартына қол қойылды, ЖАО төлемдері 27,5 млн.теңгені құрады.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылдың маусым айында қала бойынша микронесиелеуге республикалық бюджеттен  500,0 млн.теңге бөлу жоспарланған. Кепілдемеге 36,0 млн.теңге қарастырылған. 50 микронесие беру жоспарланған, - деді М.Манкеев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале