Сырым ауданында төтенше жағдай тәртібін қадағалайтын 3 блокбекет жұмыс істеп тұр. Бұл бекеттер Ақтөбе қаласы мен Қаратөбе ауданына, Бөрлі ауданына және Орал қаласына шығатын халықаралық, облыстық маңызы бар жолдарға қойылған.
Сырымдықтар басқа халық үйде отырған кезде, күн-түн демей коронавирус инфекциясының ауданның аумағында таралуының алдын алу қызметінде жүрген медицина қызметкерлері мен тәртіп сақшыларының еңбегіне ерекше құрмет білдіруде.
Кеше Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың қызметкерлері мен «Сырым жастары» ұйымының волонтерлары бекетте тұрған кезекшілерге кешкі ас және көпреттік бетперделер апарып берді.
Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы
zhaikpress.kz