Бүкіл әлем Covid-19 деген қауіпті вируспен күрес үстінде. Індет Қазақстанды да айналып өтпеді. Осындай қиын жағдайда ел қамын ойлаған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесінен ерекше әсер алдым.
Біз, жастар, қазір көмекке мұқтаж қарияларды, ардагерлерді, көпбалалы отбасылар мен әл-ауқаты төмен жандарды ерекше қамқорлыққа алдық. Теректілік еріктілер күн сайын тегін бетперде тарату, азық-түлік жеткізіп беруді қолға алды.
Бұл ісіміз - Тұңғыш Президенттің «Жаңа өскін – жас ұрпаққа айтарым: тәуелсіздік жылдары дүниеге келген сендер келер жылы орда бұзар отызға толасыңдар. Еліміздегі ең қуатты күш – өздеріңсіңдер. Аға ұрпақ сендер үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, енді сендердің де күш-қайрат жұмсайтын кездерің келді. Жамандықтан, жат әдеттен сақтанып, игі істер жасауға ұмтылыңдар. Үлкенге – ізетті, кішіге – қамқор, бір-біріңе дос болыңдар. «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең – істің бәрі бос» деген Абай аталарыңның өсиетін ешқашан естен шығармаңдар» деген сөзіне қайтарған жауабымыз.
30 жыл бойы ел басқарып, небір қиыншылықтарды халықпен бірге көтерген Тұңғыш Президентіміздің әр сөзі біздің күш-қайратымызды еселейді.
Біз біргеміз.
Нұрсәуле Аткеева
Теректі ауданының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы
zhaikpress.kz