Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жарық көрді.
Мақала елімізді ғана емес, әлемді тығырыққа тіреген қиын кезде халықты тәртіпке шақырып, ынтымағымызды нығайта түсуге үндейді. Індет шыққан шығыс көршіміздің ауруды темірдей тәртіп пен бірлігінің арқасында жеңгенін баса айтады. Сол себепті осындай сын сағатта бір-бірімізге демеу болып, барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтағанымыз маңызды. Елбасының әр сөзінен елмен бірге екенін көруге болады. Дерттің алдын алуға алғашқылардың бірі болып кіріскеніміз де кемеңгер тұлғаның назарында екен.
"Тәуелсіздік жылдары дүниеге келген сендер келер жылы орда бұзар отызға толасыңдар. Еліміздегі ең қуатты күш – өздеріңсіңдер. Аға ұрпақ сендер үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, енді сендердің де күш-қайрат жұмсайтын кездерің келді. Жамандықтан, жат әдеттен сақтанып, игі істер жасауға ұмтылыңдар" деді Елбасы. Бұл - жастарға артылған үлкен сенім.
Әлия Салиева
«Ақжайық адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы
zhaikpress.kz