Жақында жаңақалалықтар тағы да бірнеше қайырымды істің куәсі болды.
Төтенше жағдай кезінде алғашқылардың бірі болып көмектескен жаңақалалық кәсіпкер Хамит Сабенов аз қамтылған, көпбалалы 100 отбасыға 100 қапшық, яғни 3,5 тонна көлемінде картоп үлестірді. Ал "Шамұрат" шаруа қожалығының иесі Темірлан Шамұратов болса, Жаңақала ауылдық округі атынан мүйізді ірі қара малын сойып, етін аз қамтылған 40 отбасыға тегін таратты. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендей, ауылдың автокөлігі бар ерікті азаматтары жиналып, етті таратуға біркісідей атсалысты.
Жаңақала ауылының әкімі Абзал Ахметовтың айтуынша, басқа да шаруа қожалықтары осындай қайырымдылық шараларын жалғастыруға ниет білдіруде екен. Алдағы уақытта ауылдың аз қамтылған отбасыларына тағы да тегін ет таратылатын болады.
Нұрғали Сағынғали
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz