12.04.2020, 22:53
Оқылды: 43

БҚО-да коронавируспен ауырғандар ішінен алғашқы адам жазылып шықты

Коронавируспен ауырған оралдық әйел бүгін үйіне шығарылды. Бұл туралы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

A18A2609-AC53-4C7F-A574-E930366F4071

Аурухана басшысының айтуынша, науқастың жағдайы қанағаттанарлық. «Әйел әлі 14 күн үй карантинінде болады. Оған мекенжайы бойынша бекітілген емхана бақылау жасайды. Қалған 7 науқастың жағдайы тұрақты», деді ҚазАқпарат тілшісіне Н.Ахметова. Бұдан бұрын БҚО-да коронавирус жұқтырған әйелдің Атыраудан келгенін жазған болатынбыз. Орал қаласының 37 жастағы тұрғыны қызмет бабымен Атырауда іссапарда болған. Кейін осы әйелге қатысты жеке мәліметтердің таралуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирус жұқтырған науқастың ауруханадан шығуға дайындалып жатқанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ БҚО-да соңғы тіркелген екі тұрғынның Ресейден келгені белгілі болды.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале