Жолдың жағдайы – Теректі ауданы үшін өзекті мәселелер қатарында. Осыған дейін Ақжайық ауылына кіреберіс көше, яғни 900 метр жол күрделі жөндеуден өтетінін хабарлаған болатынбыз.
2020 жылы Ақжайық ауылынан бөлек, Подстепный ауылындағы Абылайхан (17-ші көше) және Төле би көшелерінің (48-ші көше) жолы да жөндеу көрмекші. Аудан орталығы Федоров ауылында да жол жөндеу жұмыстары қарқын алады. Ағымдағы жылы Рабочая және Молодежная көшелерінің жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Әділет Орынбасар
Теректі ауданы
zhaikpress.kz