13.04.2016, 18:51
Оқылды: 19

Бірлігі келістінің- шаруасы өрісті

  Shingirlau birligi kelisken luben auili     Лубен ауылдық округінде қарлы қыстың қиындығын көрген тұрғындар көктем кезінде ұйымшылдық танытып, ауылды су басу қаупінің алдын алу шараларын өткізіп, жалғызбасты қарияларға мектеп оқушыларынан көмекші топтар белгіленіп, көмек көрсетілген.


     Бұл істердің баршасы округ әкімі мен аппаратының тікелей араласуымен жүзеге асырылған. Бұл елді-мекендегі берекелі бірлікті айғақтайды. Округтегі  14 шаруа қожалығының 9-ы мал шаруашылығы бағытында субсидияға қол жеткізіп, 1-уі лизингтік әдіспен жаңа трактор алып отыр. Елді-мекенде ауылдық тұтынушылар кооперативі құрылып, құжаттары рәсімделуде. Ауыл тұрғындарын негізгі ортақ мәселелер -жол, көгілдір отынмен қамту жағдайы алаңдатады. Жиынға қатынасқан аудан басшысы шаруа қожалықтарында мал санын көбейту, асылдандыру, тазалық жөнінде сөз қозғап, тұрғындарды еңбектенуге, жаңа істер ашып жұмыстарын өрістетуге шақырды.

 www.zhaikpress.kz

Адақ Шотпанов 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале