23.06.2016, 18:34
Оқылды: 20

Бөрлі ауданында жаңа учаскелік пункті қолданысқа берілді  

borli uppБұл Бөрлі ауданы Бөрлі ауылы тұрғындары үшін Қазақстан полициясы күні қарсаңында тамаша тарту болды.  


Күрделі жөндеуден өткен ғимараттың ашылу салтанатына БҚО Ішкі істер департаментінің басшылығы, аудан әкімі, аудандық ішкі істер бөлімінің ардагерлері қатысып, жеке құрам сапқа тұрғызылды.

Салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеген БҚО ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Рахметов жаңадан ашылған бөлімшеге БҚО Ішкі істер департаменті атынан «Нива» автокөлігін тарту етсе, Бөрлі ауданының әкімі Алдияр Халелов «УАЗ» автокөлігінің кілтін табыс етті.

Жиын барысында ішкі істер органдарының ардагері Меңдіғұл  Құрманғалиев ақсақал да тәртіп сақшыларының еңбегіне табыс тіледі.

Заманауи құрылғылармен жабдықталған жаңа ғимаратта учаскелік полиция инспекторларының азаматтарды қабылдауға арналған жұмыс кабинеттері, тергеуші, жедел уәкілдер кабинеттері, қаруларды қабылдап-тапсыру орындары, ұсталған азаматтарды уақытша қамауға арналған изолятор, демалу бөлмелері бар.

Бөрлі ауылдық полиция бөлімшесі төңірегіндегі көршілес Қанай (Қанай, Данилякөл ауылдары), Бумакөл (Бумакөл, Облавка, Утвинка), Жарсуат (Жарсуат, Қарашығанақ, Димитрово) және Приурал ауылдық округтеріне (Приурал) де қосымша қызмет көрсететін болады.

Аталған округтердегі жалпы тұрғындар саны 4567 адамды құрайды. Ал Бөрлі ауылдық округінің құрамына Бөрлі, Масайтөбе ауылдары кіреді, 2 жалпы білім беретін орта мектеп, ауылшаруашылық колледжі, 3988 тұрғыны бар.

www.zhaikpress.kz
БҚО ІІД баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале