25.05.2016, 19:33
Оқылды: 28

Жұлдыздар шеруі – 2016

????????????????????????????????????

   Зеленов ауданы Асан орта мектебінде  «Жұлдыздар шеруі – 2016» мектепішілік фестивалі қорытындыланды.

  Мерекелік безендірілген мектеп алаңына сап түзеген оқушылар мен ұстаздарды білім ошағының директоры Нұржан Сәбитов оқу жылының аяқталуымен құттықтап,  әр оқушының мектеп қабырасында бірі пәндік олимпиада, бірі өнер мен спортта жүлделер әкелгендігін тілге тиек етіп, үздіктерді марапаттады.


   Сонымен, білім ордасының шәкірттерінен Н.Сырымова - «Білімді мыңды жығар», А.Жөкенов - «Мектеп мақтанышы», А.Шманғалиева – «Үздік спортшы», А. Ғалиева «Көркем сөз оқу шебері», Л.Маратова «Ең белсенді», Ж.Бекқалиева - «күміс көмей, жез таңдай», А.Қылышева - «Жыл оқушысы», 10 а сыныбы «Үздік сынып - 2016» аталымдарына ие болды.

   Ал, ұстаздар қауымынан Г.Нұрмұхамбетова «Үздік сынып         жетекші - 2016»,  А.Ғалиева «Жыл мұғалімі -2016»  аталымдарында жеңімпаз атанды.

www.zhaikpress.kz

Динара НАСЫР

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале